Онда жапониялық Казуя Иошиока (Kazuya Yoshioka) мен Казиоши Фунваки (Kazuyoshi Funaki) 1-2 орынды өзара бөлісіп, қазақстандық Николай Карпенко үздік үштікті түйіндеді. Жалпы бұл жарысқа Қазақстаннан - 6 , Жапониядан - 2, Қытайдан -1, ал Кореядан - 2 спортшы қатысқан болатын. Алексей Корелев - 5, Евгений Левкин - 6, Радик Жапаров - 8, Константин Соколенко - 9, Асан Тахтахунов - 10 орын алды. Енді бұл спорт нысанында 2, 4 ақпан күндері 90 метрлік орта тұғырда жекелей және 125 метрлік үлкен тұғырда командалық сындар өтеді.
13:52, 31 Қаңтар 2011
АЗИАДА. Шаңғымен 125 метрлік тұғырдан секіруде Николай Карпенко жекелей сында қола жүлдегер атанды
АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде 7-қысқы Азия ойындарының бағдарламасындағы 125 метрлік тұғырдан секіруде жекелей сын аяқталды.