Азиада: Шаңғышылар А. Полторанин мен Н. Чеботько командалық спринтте Ақ Азиада чемпиондары атанды

АЛМАТЫ. 1 ақпан. қазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - 7-қысқы Азия ойындары аясында қазақстандық шаңғышылар Алексей Полторанин мен Николай Чеботько 1,6 шақырымдық командалық спринтте мәре сызығын бірінші болып қиып, Ақ Азиаданың чемпиондары атанды.

Жарыс Алматы облысындағы "Солдат" шатқалындағы шаңғы-биатлон стадионында өтті. Жерлестеріміз қашықтықты 22 минут 46,2 секундта жүріп өтті. Жапониялық Кимура Масая мен Нарусэ Нобу күміс жүлдегерлер атанды, ал оңтүстіккореялық Пак Бюн Джу мен Юн Еу Мюн қола жүлдені қанжығаларына байлады. Бұлар біздің шаңғышылардан тиісінше 13 секундқа және 1 минут 48,7 секундқа қалып қойды.