Бүгін Қазақстан әйелдер командасының өкілі Лаура Қабылбекова мен Мерей Қожахмет 1/8 финалда Гонконгпен тартысты кездесу өткізіп, 2:0 (21:19, 21:19) есебімен басым түсті. Одан кейін Кристина Каримова мен Екатерина Рюхова жұбы да өнер көрсетіп, Таиланд өкілдеріне 0:2 (8:21, 7:21) есебімен жол берді.
Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Айта кетейік, осыған дейін әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы екінші қола жүлдесін жеңіп алған болатын.