Азиада: Жерлесіміз Жібек Арапбаева фристайлдан акробатика саласы бойынша күміс медальға ие болды

АТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - 7-Қысқы Азия ойындары аясында Алматы маңындағы «Табаған» спорттық-сауықтыру кешенінде өткен әйелдер арасындағы ақтық сайыста жерлесіміз Жібек Арапбаева 109,93 ұпай жинап, фристайлдан акробатика саласы бойынша күміс медальға ие болды

Бұл жарыста 151,45 ұпай жинаған қытайлық Син Чанг алтыннан алқа тағынды. 109,56 ұпай жинаған тағы бір қытайлық спортшы Иу Ианг қола медальды місе тұтты.