АЗИАДА: Жерлісіміз Юлия Галышева Азиада ойынының чемпионы атанды

АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - 7-қысқы Азия ойындары аясында фристайлдың могул саласынан әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды.

Бүгін Алматыдағы "Табаған" спорттық-сауықтыру кешенінде өтіп жатқан жарыста 1-орынды қазақстандық спортшы Юлия Галышева жеңіп алды. 2-орынды жапондық Ито Лити, 3-орынды қытайлық Нинг Чин иеленді. Бұл жарыс барысында спортшылар тау беткейінен төмен қарай сырғанап, белгіленген ереже бойынша екі жерден секіріс жасап, 250 метрге созылған қиын шаңғы жолынан өтті.

Қазіргі таңда могулдан ерлер арасындағы ақтық бәсеге басталды.