Азиадада Алматы облысынан Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысынан 7- қысқы Азия ойындарында Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды.

Бұл туралы 7- қысқы Азия ойындарының Алау эстафетасы кезінде облыс әкімі Серік Үмбетов хабарлады.

«Олар биатлоншылар - Ванкувердегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталева, спорт шебері Диас Кенешев, сонымен қатар мәнерлеп сырғанау жарысында Жетісудан Абзал Рақымғалиев», - деп атап өтті әкім.

С.Үмбетов атап өткендей, Азиада - тек спорттық қана емес, ол нағыз қоғамдық-саяси іс-шара.