«Маңызды мәселелердің бірі Азиада ойындарына қазақстандық төрешілердің қатысуы болып отыр. Бүгінгі таңда бізде спорттың 11 түрінен төрелік жасайтын судьялар бар. Азиялық федерация өз есебімізден іссапарға жіберуімізді өтініп отырған жекелеген судьялар да бар», - деді ол.
Айта кетейік, қыркүйектің 19-ы мен қазанның 4-і аралығында өтетін 17-ші Азиада ойындарына спорттың 39 түрінен 400-410 қазақстандық спортшы қатысатындығы жоспарлануда. Бұл өткен Азиада ойындарына қарағанда 40-50 адамға және спорттың 3 түріне артық.