Азиадада теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы қола иеленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ярослава Шведова, Юлия Путинцева және Камила Керімбаева Азия ойындарының қола медалін иеленді, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Жартылай финалдық матчта біздің құрама қытайлық Тайпейге қарсы ойнады. Ойын нәтижесі бойынша Тайпей 1:2 есебімен басым түсті. Бастапқы матчта Юлия Путинцева екі сетте Юн Ян Чанге 4:6, 1:6 есебімен есе жіберіп алды. Осыдан кейін құраманың көшбасшысы Ярослава Шведова есепті теңестірді, яғни қарсыласы Су Вей Хсиехті 6:3, 7:6(4) ұпайымен жеңді. Шешуші жұптасып ойнайтын матчта Шведова мен Путинцева тайпейлік Чан және Хсиехке 0:6, 2:6 есебімен жол берді. Нәтижесінде, жартылай финалдық додада біздің құрама командалық турнидің қола медаліне қол созды.