АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың басты додасы - Индонезияның Джакарта қаласында өтетін жазғы Азиада ойындарына баратын балуандардың есімі Шымкент қаласында белгілі болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28 сәуір мен 3 мамыр аралағында Шымкент қаласында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді. Биылғы біріншіліктің басты ерекшелігі - еліміздің әр түкпірінен жиналған балуандар «чемпиондық» атаққа ғана таласып қоймай, Джакарта қаласында өтетін жазғы Азиада ойындарына жолдамаға да иелік етеді.
Сол үшін бұл додада осыған дейін әлем және Азия чемпионатында қанжығасы жүлдеге майланып жүрген ең таңдаулы балуандардың барлығы сынға түседі.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.