Азиадаға қатысушы БАӘ-ның құрама командасы Астанаға келді
16:14, 24 Қаңтар 2011
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - VII Қысқы Азия ойындарына қатысушы Біріккен Араб Әмірліктерінің құрама командасы Астанаға келді. Осыған орай бүгін елордадағы мұз қалашығында осы елдің спортшыларына құрмет көрсету рәсімі өтті.
Іс-шара аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің әнұраны ойналып, мемлекеттік туы салтанатты түрде көкке көтерілді. Осыдан кейін VII Қысқы Азия ойындарында шайбалы хоккейден өнер көрсететін Біріккен Араб Әмірліктерінің құрама командасына ұйымдастыру комитетінің атынан естелік кәдесый табыс етілді.