Азиадаға қазақ спортшыларын шығарып салатын күн белгілі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Саппоро қаласында өтетін VIII қысқы Азия ойындарына қатысатын спортшыларымызды салтанатты түрде Алматы қаласынан шығарып салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығарып салу рәсімі 11 ақпан күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Шара барысында делегацияның ту ұстаушысына мемлекеттік ту тапсырылып, оның ант беруі оқылады. Сондай-ақ, спортшылар мен бапкерлер тілшілер қауымының сұрақтарына жауап береді.

"2017 жылы Саппорода өтетін Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының сапында Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Роман Креч (конькимен жүгіру спорты), Дмитрий Рейхерд (фристайл) сынды атлеттер, шайбалы хоккейден ерлер және әйелдер командалары бар. VIII қысқы Азия Ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шығады.

Естеріңізге сала кетейік,  VIII қысқы Азия ойындары Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтеді.