Қазақстан қоржынында қазіргі уақытта барлығы 33 медаль бар.
Екінші орында 6 алтын, 4 күміс және 6 қола медальды қанжығаларына байлаған Қытай спортшылары келеді.
Оңтүстік Корея спортшылары 6 алтын, 4 күміс және 5 қола жүлдемен үшінші орынға орналасып отыр. Жапония құрамасы 5 алтын, 7 күміс және 9 қола медальмен төртінші орында тұр.
Осы уақытта сондай-ақ, ирандық және моңғолиялық спортшылардың еншісінде сәйкесінше екі және бір «қоладан» бар.