«Ресейғарыш» агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жаңа жерсеріктің міндеті - орбитадағы 100,5 градус шығыс бойлықтағы «АзиаСат-2» ғарыш аппаратын ауыстыру болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, «АзиаСат-5» аппаратын американдық «Space Systems Loral» фирмасы Қытайдың Asia Satellite Telecommunications Holding Ltd.» жерсерік байланысы операторы мен «International Launch Services Inc. (ILS)» компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.