Апта ішінде пияздың бағасы 5,1%-ға, картоп — 3%-ға, сәбіз — 2,4%-ға, ақ қауданды қырыққабат — 2,3%-ға, алма — 1,1%-ға, қант — 0,7%-ға, сүзбе мен тауық еті — 0,4%-ға төмендеді.
Нан, макарон өнімдері, сиыр еті, қой еті, тауықтың бөлшектелген бөліктері, сүт, қаймақ, күнбағыс майы, сары май, тұз және шай бағасы өзгеріссіз қалды.
Өңірлер бөлінісінде бірқатар қалада дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы апта ішінде Жезқазғанда 0,3%, Семейде 0,2%, Талдықорғанда 0,1%-ға төмендеді. Астана, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қонаев, Орал, Павлодар, Петропавл және Түркістан қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды.
Республика бойынша пияздың орташа бағасы килограмына 149 теңге. Ең төмен баға Павлодарда тіркеліп, килограмы 119 теңге.
Картоптың республика бойынша орташа бағасы килограмына 211 теңге. Ең қолжетімді баға Павлодарда байқалып, килограмы 135 теңге.
Ел бойынша сәбіздің орташа бағасы килограмына 222 теңге. Ең төмен баға Павлодарда тіркеліп, килограмы 140 теңге.
Қызанақтың республика бойынша орташа бағасы килограмына 620 теңге деңгейінде қалыптасты. Ең қолжетімді бағалар Таразда — килограмына 378 теңге және Атырауда — 396 теңге болды.
Айта кетелік елдің қай өңірінде азық-түлік арзан екендігін жазған едік.