«Адам әрқашан өз еліндегі жағдайлар мен шығындарды басқалармен салыстыратыны анық. Бірақ біз, мысалы ФАО халықаралық ұйымы ұсынған бағалардың динамикасына назар аударамыз. Соңғы баға индекстеріне сәйкес, бізде белгілі бір корреляция бар. Сүт өнімдеріне, қантқа, өсімдік майына келсек, ФАО-ның соңғы индекстері бойынша, бүкіл әлемде қымбаттап жатыр. Түрлі елдердегі тауарлардың жекелеген позициялары жөнінде сұрағыңызбен келіспеймін, бұл өте ауқымды ұғым, нақты қай елді айтып тұрғаныңызды білмеймін», - деп жауап берді министр Үкіметтегі баспасөз мәслихатында тілші сауалына.
Министрдің айтуынша, жақын маңдағы Әзербайжанда азық-түлік инфляциясы 10,4%, Өзбекстанда — 15,1%, Ресейде — 8,2% құрайды. Бельгия мен Францияда бұл көрсеткіш 7,2%, Түркияда 72%, Египетте 60% көрсеткен.
«Сондықтан мұнда бәрі салыстырмалы. Бір жерде азық-түлік инфляциясы, баға индексі айтарлықтай жоғары, бір жерде бізбен шамалас. Әрине біз талдау жүргіземіз, корреляцияны, әлемдік трендтерді, осы нарықтардың, оның ішінде біздің ішкі нарықтың қамтамасыз етілу жағдайын, толықтығын қарастырамыз. Гастрономиялық қызметтер құнына қатысты белгілі бір баға қатарлары бар. Мұның бәрі фаст-фуд немесе премиум мейрамхана секілді сегментке байланысты. Сондықтан біз аймақтық мағынада және әлемдік деңгейдегі табельдерде антикөшбасшы емеспіз. Қызметтердің құны, гастрономияның құны бойынша бәрі сіздің талғамыңызға және қаржылық мүмкіндіктеріңізге байланысты», - деп түсіндірді Арман Шакқалиев.