Әзіл-сықақ отауларының облыстық байқауы өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық халық шығармашылығын дамыту және продюсерлік орталығы ұйымдастырған «күлкі жәрмеңкесінің» мақсаты - ел ішіндегі өнер топтарының шығармашылығын дамыту, жергілікті өнерпаздардың шеберлігін шыңдауға ықпал ету болып табылады. Жыл сайын 1 сәуір - күлкі күніне арналып өткізілетін дәстүрлі байқаудың биылғы ерекшелігі Наурыз мерекесіне арналуында болып отыр.
Байқауға 9 өнер ұжымы қатысты. Қорытындысында бас бәйгені Жаңақорған ауданының «Жаңаша» әзіл-сықақ отауы жеңіп алды. Бірінші орынды аралдық «Тамаша» әзіл-сықақ отауы иеленсе, екінші орынды Қызылорда қаласының «Мереке» және жалағаштық «Жаңаша» әзіл-сықақ ұжымдары өзара бөлісті. Ал үшінші орынға Қазалының «Қазалы қалжыңы» мен Шиелі ауданы, Алғабас ауылының «Қытық» әзіл-сықақ отаулары лайық деп танылды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.