Әзірбайжан футболшыларына Ресейді жеңсе, әрқайсысына 128 мың доллардан сыйақы беріледі деп уәде етілді

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Әзірбайжан футбол федерациясы қауымдастығы ұлттық құрама ойыншыларына 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Ресейді жеңсе, әрқайсысына рекордтық - 100 мың манаттан ($127,6 мың) сыйақы табыстауды уәде етті.

Солтүстік Ирландияны жеңсе де, әзірбайжандық футболшылар біраз ақшаға кенеліп қалғалы тұр. Оларға Солтүстік Ирландияны жеңсе, 78 мың манаттан ($100 мың) беріледі деп жарияланды.

Еске сала кетейік, 11 қазанда Баку қаласында Солтүстік Ирландия ойнайды, ал Ресеймен жарыс 15 қазанда өтеді. Бұл кездесуде Ресейдің әлем чемпионатына қатысу-қатыспауы белгілі болады.