ӘР Президентінің ресми сайтынан хабарланғандай, хатта:
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Ан-72 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан әскери қызметкерлердің қаза табуы жөнінде хабарды естіп, қатты қайғырдым. Қайғылы оқиғаға байланысты өзімнің және Әзірбайжан халқының атынан сізге, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына, Қазақстан халқына көңіл айтамын», - делінген.