Әзірбайжан Президенті телефон арқылы әңгіме барысында Мемлекет басшысын сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады

АНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Әзірбайжан Президентіне құттықтауы мен шын ниетті тілегі үшін алғысын айтты.