14:40, 22 Наурыз 2009
Әзірбайжанда Новруз-байрамы кеңінен атап өтілуде
БАКУ. Наурыздың 22-сі. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ – Наурыздың 20-сынан бастап Әзірбайжан халқы күн мен түннің теңескен күнін – Новруз-байрамын атап өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кавказ мұсылмандары діни басқармасының хабарлауына сай Новруздың Әзірбайжанға келуінің дәл уақыты ? наурыздың 20-сы 15:43:52. Осыған байланысты Бакуде және Әзірбайжанның ірі қалаларында жұма күні ірі мерекелік бағдарламалар өтіп, ұлттық ұжымдар мен әзірбайжандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Ичери шехерде (ескі Баку) әзірбайжан халқының ұлттық тағамдары ұсынылды, сондай-ақ халықтық қолөнер шеберлерінің қолданбалы өнер үлгілері көрсетілді.Әзірбайжан Республикасы Министрлер кабинетінің шешіміне сай наурыздың 20-сы мен 29-ы аралығы Әзірбайжанда демалыс күндері деп жарияланған.