Орталық сайлау комиссиясы жанындағы «Сайлау» ақпараттық орталығы хабарлағандай, сайлаушылардың дауыс беруге келуі 50,14 пайызды құрады. Әзірбайжанда дауыс беру құқығына 4 946 588 адам ие. Сайлауға қатысу үшін Милли меджлистің 4-інші шақырылымына 473 үміткер тіркелді, олардың 53-і өз кандидатураларын алып тастады. 125 депутаттық мандат үшін 690 үміткер таласты.
Парламенттік сайлауда халықаралық байқаушылар арасында ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бастаған қазақстандық делегация да болды.