Әзірбайжанның Орталық сайлау комиссиясы бүгін, қазанның 14-інен 15-іне қараған түні елдің Милли меджлисіне қарашаның 7-сінде өтетін сайлауға қатысушы партиялар мен кандидаттарға үгіт-насихат науқанын бастауға рұқсат берді.
Жергілікті заңнамаға сәйкес, насихат жұмыстары сайлау үдерісіне 24 сағат қалғанда аяқталуы керек.
Әзірбайжанның Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеше комиссия «exit-poll» жүргізетін ұйым ретінде Тәуелсіз зерттеулер орталығын тіркеді. Орталық сайлау күні дауыс беріп шыққандардың арасында сауалнама жүргізу жұмыстарына 1180 қызметкерді тартуды жоспарлап отыр.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панаховтың хабарлауынша, бүгінгі таңда кандидат ретінде 695 адам тіркелген.