Әзірбайжанда су тасқыны болуы ықтимал

БАКУ. 10 шілде. ҚазАқпарат - Жақын күндері Әзірбайжанның бірқатар өзендері арналарынан шығады.

Бұл туралы Әзірбайжанның Экология және табиғи ресуртстар министрлігі гидротереорология Ұлттық департаментінің метеорологиялық болжамдар бюросындағы бас гидролог Асиф Вердиев айтты.

 «Әзірбайжан аймақтарында 10, 11 және 12 шілде күндері өткінші жаңбырлар болуы мүмкін, кейбір таулы және тау етегіндегі аудандарда нөсерлі сипатта өтеді. Сндықтан Үлкен және Кіші Кавказдың таулы өзендерінде су деңгейі көтеріліп,  тасқын болжамданады», - деді А.Вердиев.

 «Кейбір өзендерде су деңгейі жоғарылады. Жексенбі, 8 шілде күні Ағдаш-Ғабалы аймағындағы Турьянчай өзенінің аздап тасуы байқалды. Алайда Бакуде 10, 11 және 12 шілде күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, жел саябырсып, ауаның температурасы 30-35 градус жылылықты көрсетеді», - деп түсіндірді А.Вердиев.