«Әзірбайжандық теміржолдар» ЖАҚ жүк тасымалдау департаменті басшысының орынбасары Ашраф Мамедалиев хабарлағандай, түнде орын алған апаттың салдарынан 57 вагонның 6-уы поезд рельсінен шығып кетті. Олардың 3-уі аударылды. Айта кетейік, жүк көліктері Бакуден Грузияға газойл жанармайын тасымалдап жатқан еді.
ЖАҚ баспасөз қызметінің басшысы Надыр Азмамедов Баку-Батуми маршруты бойынша жүріп бара жатқан жүк көлігі Қазақстанға тиесілі екендігін айтты. Вагондардың герметикалық беріктігінен мұнай өнімдері төгілген жоқ.
«Вагондар қалпына келтірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп апат өтті Н. Азмамедов.