Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің мемлекеттік өрт қауіпсіздігі қызметі өкілдерінің айтуынша, оған Әзірбайжандағы басты электр стансаларының бірін найзағай соғуы себеп болды.
Атап айтқанда, қолайсыз күн райының салдарынан 28 қыркүйек күні Мингячевирдегі «Әзірбайжан» ЖЭС-ның электр үйлестіру стансасын найзағай соқты. Соның салдарынан ЖЭС-тің бірнеше блогы істен шықты. Бұл Бакуде және бірқатар аудандарда электр энергиясын беру іркілістеріне соқтырды. Баку метрополитенінің жұмысы тоқтатылды.
Алайда бұл ретте электр энергиясының проблемалары Гейдар Әлиев Халықаралық әуежайындағы жұмыстарға әсер етпеді. Ұшақтарды ұшырылуы мен қабылдануы кестеге сәйкес жүзеге асырылды.
Оқиға салдарынан ЖЭС-да аздаған өрт болды, ол ТЖМ күштерімен сөндірілді. Қазіргі кезде ЖЭС қызметін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.