Әзірбайжандағы Президент сайлауына Ильхам Алиевтің кандидатурасы ұсынылды

БАКУ. 8 маусым. ҚазАқпарат - ӘР-дың «Ени Әзірбайжан» басқарушы партиясының 5 съезінде алдағы Президент сайлауына ел Президенті Ильхам Алиевтің кандидатурасы ұсынылды.

Партия төрағасы, Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиев съезде арнайы сөз сөйледі.

Президент Ильхам Алиев «Ени Әзірбайжан» партиясының төрағасы болып бірауыздан қайта сайланды.

Съезд қорытындыларын шығара келе, И. Алиев өзіне көрсетілген сенім үшін ризашылығын білдіріп, оны өз қызметімен ақтайтындығын мәлімдеді.