«Тар саяси, біржақты ұстанымды ұстанған НАТО-ның бірнеше мүшесі Солтүстікатлантикалық альянс пен Әзірбайжан арасында қол қойылған ынтымақтастық жөніндегі Жеке қызмет жоспарының үшінші сатысын бекітуді кешіктіріп отыр. Бұл жағдай біздің қол-аяғымызды байлап тастағандай», - деді А.Әзімов.
Егер жоспар бекітілмесе, ынтымақтастықтың жалғасуы тоқтап қалады. Бұл мәселе бірнеше айға жалғасып келеді, сондықтан Әзірбайжан тарабы бұған алаңдаушылық танытуда, деп атап өтті министрдің орынбасары.