Әзірбайжанның ОСК отырысында сенбі күні үкімет басындағы «Ени Әзірбайжан» партиясынан үміткер ретінде партия төрағасы, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің кандидатурасы бекітілді.
Бұған дейін алты үміткердің құжаттары ОСК-ға ұсынылған болатын. Олар - «Ени Әзірбайжан» партиясынан кандидат - партия төрағасы, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, «Азадлыг» партиясынан кандидат - партия төрағасы Ахмед Орудж, Азаматтар және даму партиясынан кандидат - партия төрағасы Әли Әлиев, Әзірбайжан либералды партиясынан кандидат - партия төрағасы Фуад Әлиев,өзін өзі ұсынған заңгер Ильгар Мамедов (Алтай) және «Умид» партиясының төрағасы Игбал Агазаде.
Президенттік сайлау 9 қазан күні өткізіледі.