«Әзірет Сұлтан» мешіті дін тақырыбындағы мақалаларға бәйге жариялады
Бұл туралы аталған мешіттің www.muslim.kz ресми сайтынан хабарланды.
Бәйге талаптары: мақала қазақ немесе орыс тілінде жазылуы тиіс; Ұсынылған мақала 14 қарпімен терілгенде, А4 форматындағы 5 беттен аспауға тиіс; Қолданылған жағдайда Құран аяттары мен пайдаланылған әдебиеттердің сілтемелері көрсетілуі керек; Мақаланың электронды нұсқасы мен қатысушы туралы мәлімет (толық аты-жөні, телефон нөмірі, мекен-жайы, қызметі) 2012 жылдың қазан айының 1 жұлдызына дейін hazratsultan@gmail.com электронды поштасына жіберілуі шарт.
Қоржынға түскен мақалалар мешіттің Muslim.kz порталында жарияланып отырады.
Бәйге жүлделері:
Бас бәйге - 200 000 теңге;
І орын - 150 000 теңге;
ІІ орын - 75 000 теңгеден (2 адамға);
ІІІ орын - 50 000 теңгеден (3 адамға);
Ынталандыру сыйлықтары - 20 000 теңгеден (5 адамға).