«Қазақ халқы Ислам дінін әрқашан өзінің өнерімен сабақтастырып, дәстүрімен ұштастыра білген халық. Өзінің ұрпағына, бала-шағасына насихатты мақал-мәтелдермен, жыр-дастан, хикаяларымен, термелермен жеткізе білген. Қазаққа жай сөзден гөрі өлең-термелер жақынырақ. Қазақтың жыр-термелерінің барлығы үгіт-насихат. Өкінішке қарай, соңғы уақыттарда жыр-терме өнері кенжелеп қалды. Бұрынғы термелер айтылып жүргенімен, жаңа термелер жоқтың қасы», - дейді имам журналистермен өткен брифинг барысында.
Осындай олқылықтарды толтыру мақсатында мешіт ұжымы терме орындаушылары мен ондай терменің сөзін жазушылар арасында бәйге жариялап отыр. «Бәйге жүлдесінің алды «темір тұлпар» болмақ. Терменің қорытынды кеші Астанадағы үлкен бір салтанатты сарайда аталып өтеді», - деді Қайрат Жолдыбайұлы.