«Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде сағат 8.30-да 15 мың адамның қатысуымен Құрбан айт намазын атқардық»,-деді ол.
Сондай-ақ, мешітке мемлекет қайраткерлерімен қатар жан-жақтан көптеген азаматтар келгендігін айта келе, барша мұсылман қауымын Құрбан айт мейрамымен құттықтады.
«Қасиетті Құрбан айт баршаңызға мүбәрәк болғай. Осы қасиетті айтта тілек тілеген мінәжаттарыңыз, жасаған құлшықтарыңыз, салған құрбандықтарыңыздың бәрін Алла тағала қабыл етсін»,-деді Қ. Жолдыбайұлы.