Елімізде қалыптасқан діни ахуалды жақсартудың бірден бір жолы - діни үгіт-насихат екені көптен айтылып келген. Осы мақсатта «Әзірет Сұлтан» мешітінде аудио және теле студия ашылды. Студияның құрылғылары мен бөлшектері Ресей, Америка Құрама штаттарынан арнайы тапсырыспен алдырылды.
Халықты асыл дінімізге даналықпен, терең біліммен шақыруға бастама болсын деген ниетпен бұл студияға «Хикмет» деген ат қойылды. Бұл студияда әзірленген үн таспалар мен бейнеөнімдер бүкіл Қазақстан халқының дұрыс діни сауатын ашуға мол үлес қосылады деп күтілуде. «Хикметте» әзірленген діни бағдарламалар бірінші кезекте мемлекеттік телеарналарда және арнайы ашылып жатқан «HIKMET.TV» интернет порталында көрсетіледі деп жоспарлануда. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.