Азия адамзат өркениетінің дамуына зор үлес қосты - ҚР Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Азия адамзат өркениетінің дамуына зор үлес қосты. Бұл туралы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің ойымша, біздің алдымызда тұрған ерекше маңызды міндет – бұрын-соңды болмаған қауіп-қатерлер жағдайында халықаралық қатынастарда тұрақтылыққа қол жеткізу. Көпжақты механизмдерге жаңа серпін беру және ашық диалогке оралу өте маңызды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Азия адамзат өркениетінің дамуына үлкен үлес қосқанын баса айтты.

«Ең алдымен, біз Азия құрлығының халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесіндегі маңызын нығайту мақсатында әлемнің жаңа күн тәртібін қалыптастыруға күш салуымыз керек. Өздеріңіз білетіндей, Азия адамзат өркениетінің дамуына зор үлес қосты», - деді Қазақстан Президенті.