«Азия Авто» қазақстандық көлік зауыты «KIA Cerato- 2014» седанын құрастыруға кірісті

None
ӨСКЕМЕН. 6 наурыз. ҚазАқпарат - «Азия Авто» қазақстандық көлік зауыты «KIA Cerato- 2014» седанын құрастыруға кірісті.

Бұл модельдің әлемдік премьерасы 2012 жылдың аяғында Лос-Анджелес қаласында халықаралық авто-шоу барысында өтті.

Қазақстандық зауыт модельдің үшінші буынын шығаруды жолға қойған әлемдегі алғашқы көлік өндірушілердің бірі болып табылады. Қазақстандықтар Корея мен АҚШ-тағы сатып алушылардан кейін жаңа үлгіге қол жеткізгендердің бірі болды.

KIA Cerato - әлем бойынша 2,5 млн. данамен тараған кореялық көлік алпауытының экспорттық модельдерінің ең сәттісі.