АСТАНА. KAZINFORM - Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Астана қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы 2024 жылғы Азия чемпионатында он екі медальға қол жеткізетіні алдын ала белгілі болды.
Бұл жөнінен ел құрамасы әзірге көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы Өзбекстан мен Үндістанның еншісінде он спортшыдан бар.
Одан кейін Қырғызстан жеті, Тәжікстан мен Иранда үш, Иордания мен Қытайда екі, Филиппин, Оңтүстік Корея мен Моңғолияда бір боксшы жартылай финалға жетті.
Құрлықтық додада еліміздің қыздар құрамасы Үндістан және Өзбекстанмен бірге алғашқы үштікті өзара бөлісіп тұр. Олардың әрқайсысында он екі спортшы жартылай финалға жетті.
Ал Вьетнама мен Қытай үш, Қырғызстан мен Моңғолия екі, Тайваньда бір боксшы жүлдеге ие болады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.