Азия чемпионаты: бүгін қай боксшылар ел намысын қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM — Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Фото: ҰОК

Жарыстың тоғызыншы күнінде U19 санаты бойынша жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді.

Күндізгі сессия. 10:00 (Қазақстан уақыты)

1-жұп. 48 келі. ½ финал

Мадира Жұмақан — Гунжан (Үндістан)

8-жұп. 57 келі.

Ақнұр Тұрсынғали — Дира Артика (Индонезия)

11-жұп. 65 келі.

Айсұлу Мұхит — Рушанабону Исоева (Өзбекстан)

13-жұп. 70 келі.

Камила Оспанова — Мина Жанг (Оңтүстік Корея)

18-жұп. 80 келі.

Айдана Убайдуллақызы — Мирим Чинбекова (Қырғызстан)

20-жұп. 80 келі.

Зарина Толыбай — Зи Гунх Анх Ле (Вьетнам)

Кешкі сессия. 16:00 (Қазақстан уақыты)

1-жұп. 50 келі.

Әділ Асқанбай — Нұрсұлтан Дуишоналиев (Қырғызстан)

3-жұп. 55 келі.

Едіге Нұрғожа — Елиор Рустамов (Өзбекстан)

7-жұп. 65 келі.

Ақжүрек Қалабай — Виктор Венгканг (Индонезия)

9-жұп. 70 келі.

Бибарыс Әшірбай — Саидхужа Садиллахужаев (Өзбекстан)

14-жұп. 80 келі.

Тимур Тайбеков — Хужамуминжон Холов (Тәжікстан)

15-жұп. 85 келі.

Руслан Ахметов — Хао-Жан Янг (Тайпей)

17-жұп. 90 келі.

Жалғас Утебеков — Асадбек Султанбоев (Өзбекстан)

20-жұп. 90 келі.

Владислав Саможонов — Джек Рэдли Фитч (Филиппин)

Бұған дейін хабарланғандай, 12 қазақстандық боксшы U23 Азия чемпионатының финалына шықты.