АСТАНА. KAZINFORM — Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан таэквондодан жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары жеті медаль алды.
Ел құрамасынан Бунед Бахрамкулов (45 келі) пен Айым Серікбаев (42 келі) чемпион атанды.
Айта кетсек, 2005 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатында Давранбек Ризаев жеңіс тұғырына көтерілген еді. Араға 20 жыл салып, мұндай табысқа Айым Серікбаева мен Бунед Бахрамкулов қол жеткізіп отыр.
Ал Тоғжан Қазнабек (59 келі) екінші орын алса, Нұрперзент Самаұлы (48 келі), Егор Шаптефраць (78 келіден жоғары), Дәулет Рахимоллиев (73 келі) және Любовь Юн (63 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өткен таэквондодан «World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4» турнирінде беделді жарыста Қазақстан құрамасы аралас командалық сында күміс алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.