Азия чемпионаты: Нұрислам Қалдыбаев Таиланд төрінде жеңіс тұғырына көтерілді
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Бангкок қаласында (Таиланд) бокстан жастар арасындағы (U22) Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр.
60 келіге дейінгі салмақта финалға шыққан Нұрислам Қалдыбаев шешуші айқаста өзбекстандық боксшы Шохрух Абдумаликовты жеңіп, алтын жүлдені еншіледі.
Осылайша, ерлер арасында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.
Айта кетейік, Нұрисламнан бөлек финалдық кезеңде Илья Калинин (65 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Санжарәлі Бегалиев (80 келіге дейін), Темірлан Мұқатаев та (90 келіге дейін) бақ сынайды.
Бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бақыт Сейдіштің финалдық айқаста өзбекстандық боксшы Ойши Таированы қапы қалдырып, жарыс жеңімпазы болғанын жазған едік. Сондай-ақ Гүлназ Бөрібаева да бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды.