Кезекті жарыс күнінде еркін және әйелдер күресінің балуандары бозкілемге шықты.
Майис Алиев (70 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.
Ал Еламан Амангелді (57 келіге дейін), Алтын Шағаева (57 келіге дейін), Тыныс Дүбек (62 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.
Осылайша, ұлттық құрама еншісінде 16 медаль бар. Оның төртеуі алтын, сегізі күміс және төртеуі қола жүлде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы алты медаль жеңіп алды.