Азия чемпионаты: Су спортынан Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдегер атанды

Фото: Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әртүрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында Қазақстан Қытай құрамасын жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді. 

Тартысты өткен ойын 7:4 есебімен аяқталды. Осылайша, ел қоржынына тағы бір қола жүлдемен толықты. 

Су добы. Ерлер. 3-орын үшін ойын

Қазақстан - Қытай 7:4 (0:1, 3:2, 1:1, 3:0)

Голдар: Егор Белоусов - 4, Нұрасыл Сәтберген - 2, Кирилл Пантелеев – 1.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Естеріңізге сала кетейік, су добынан Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңнің соңғы ойынында Малайзияны ойсырата жеңген болатын. 

Ал бүгін қыздарымыз шешуші ойында Таиландқа есе жіберіп, Азия біріншілігін төртінші орынмен аяқтады. 

Айта кетейік, аталған дүбірлі додаға 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр. 

26 ақпан күні басталған Азия чемпионаты бүгін, 9 наурыз күні мәресіне жетті.