Бұл жолы ел құрамасынан ұлдарда Ринат Елібай (51келі), Евгений Васенкин (55 келі), Павел Эм (59 келі), Бекет Болатұлы (68 келі), Әлішер Жолмұрат (78 келі) жарыс жолына шығады.
Ал қыздарда Анастасия Ряботенко (44 келі), Ақбота Желеу (46 келі), Нұрайым Жұмабек (49 келі), Аяна Бауыржанова (55 келі) мен Аружан Найманбаева (68 келі) ел намысын қорғайды.
Айта кетсек, құрлықтық доданың алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары жеті медаль алды. Оның ішінде 2-уі алтын, 1-уі күміс, 4-уі қола медаль.
Айта кетсек, 2005 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатында Давранбек Ризаев жеңіс тұғырына көтерілген еді. Араға 20 жыл салып, мұндай табысқа Айым Серікбаева мен Бунед Бахрамкулов қол жеткізіп отыр.
Ал Тоғжан Қазнабек (59 келі) екінші орын алса, Нұрперзент Самаұлы (48 келі), Егор Шаптефраць (78 келіден жоғары), Дәулет Рахимоллиев (73 келі) және Любовь Юн (63 келі) үздік үштікті түйіндеді.