АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты.
Дулат ¼ финалда 67 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Ариф Айман Мухаммадпен шеберлік байқасты.
Бірінші раундта төрешілер түгелдей жеңісті қазақстандық боксшыға берді – 5:0. Екінші кезеңде Дулат қарсыласын нокдаунға жіберді. Үшінші раундта рефери тағы бір нокдаун ашып, жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Дулат Бекбауов жартылай финалға жолдама алып, медаль алатын қазақстандықтардың қатарын толықтырды.
Бүгін тағы үш қазақстандық боксшы рингке шығады. Ал Диас Молжігітов жұдырықтаспастан жартылай финалға өтті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Махмұд Сабырханның қарсыласын нокаутпен жеңгенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Диас Молжігітов жартылай финалға жолдама алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).