АСТАНА. KAZINFORM - Вьетнамның Да Нанг қаласында өткен грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатында қазақстандық балуандар жалпы командалық есепте топ жарды.
Құрлықтық додада қазақстандық балуандар барлығы 8 жүлде жеңіп алды. Оның 4-уі алтын, 3-уі күміс, 1-уі қола.
Азия біріншілігінде Исхар Құрбаев (60 келі), Бағдат Сабаз (67 келі), Ақжан Ықыласов (77 келі), Ерасыл Мамырбеков (55 келі) топ жарды.
Ал Юсуф Мациев (97 келі, Джохар Узаров (130 келі) пен Максат Сайлау (87 келі) күміс жүлдеге қол жеткізсе, Диас Қалтай (82 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.
Жарыс нәтижесі бойынша құрама 177 ұпай жинап, Азияның үздік командасы атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.