Азия чемпионатында қазақстандық 11 жас боксшы финалға шықты

Фото: Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM — Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық жастардың басым бөлігі финалға шықты.

Аға-жаттықтырушы Максат Бақтыбазаровтың жетекшілігімен 13 салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан жас спорт шеберлері 11 жолдама жеңіп алды.

Ел құрамасынан Нұрхан Құмарбеков (48 келі), Досымжан Таңатар (51 келі), Алдияр Бахадүр (54 келі), Нығман Нығмет (57 келі), Әділет Төртубек (60 келі), Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 келі), Сұлтан Тұрдалы (67 келі), Жасұлан Бердәлі (75 келі), Игорь Соловьёв (80 келі), Расұл Асанханов (92 кг), Бексұлтан Қайратұлы (92 келіден жоғары) алтын медальды сарапқа салады.

20 және 21 мамыр күндері жартылай финал өтсе, 22 және 23 мамырда финалдық жекпе-жек өткізіледі. 

Жастар арасындағы Азия чемпионатының шешуші жекпе-жегі 22 мамырға белгіленген.

Айта кетсек, бокстан Әлем кубогы 30 маусым — 6 шілде аралығында Астана қаласында өтеді.