АСТАНА. KAZINFORM - Иордания астанасы Амман қаласында 15 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында финалға шыққан барлық боксшы анықталды.
World Boxing аясында алғаш рет өтіп жатқан құрлықтық додада еліміздің атынан 31 спортшы бас жүлдеге таласатын болды.
Бұл - жарыстың барлық қатысушылары арасындағы ең үздік көрсеткіш. Екінші орындағы Өзбекстан құрамасында 30 боксшы финалға шыққан. Одан кейінгі орындарда Үндістан (21 боксшы), Украина (12 боксшы), Иран (6 боксшы) және Иордания (4 боксшы) тұр.
Құрлықтық дода 1 мамыр күні мәресіне жетеді.
Айта кетсек, World Boxing ұйымы 2025 жылы бокстан барлық жас санаты бойынша Азия чемпионатын өткізу күндерін нақтылады. Енді 19-22 жас аралығындағы боксшылар 20 шілде-3 тамыз аралығында шеберлік байқасады.
Ал ересектер арасындағы Азия чемпионаты 1-15 қазан аралығында болады.
Айта кетсек, Ресейдегі турнирден қазақстандық боксшылар 11 медаль алып қайтты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.