Астана қаласында жастар арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қыздардан 11 елдің спортшылары жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Каzinform.
Құрлықтық доданың жартылай финалында Үндістан мен Өзбекстан - 12, Қазақстан - 10, Тайпей - 4, Моңғолия, Вьетнам, Таиланд, Иордания, Қырғызстан, Оңтүстік Корея -1 боксшысына үміт артады.
Ал 81 және 81 келіден жоғары салмақта 3 ғана боксшы тіркелген. Сондықтан Өзбекстан құрамасының 2 спортшысы финалда ойын көрсетеді.
Жартылай финалда ойын көрсететін қазақстандық боксшылар:
50 келі. Элянур Тұрғанова
54 келі. Томирис Мырзақұл
57 келі. Ұлжан Сәрсенбек
60 келі. Әйгерім Қабдолда
63 келі. Әсем Таңатар
66 келі. Бақыт Сейдіш
70 келі. Азиза Исина
75 келі. Шұғыла Нәлібай
81 келі. Анель Қалысова
81 келіден жоғары. Үміт Әбілқайыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Азия чемпионатында ұлдар арасында жартылай финалға шыққан боксшылар анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.