«Күміс» және «қола» медаль малайзиялық спортшыларға бұйырды.
Әйелдер арасындағы жарыста Жұлдыз Қайнарова (стокер) мен Полина Братчикова (пилот) қашықтықты 3:55,816 секундта бағындырып, күміс жүлдені жеңіп алды.
Бұған дейін жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар командалық спринтте қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Айта кетейік, 21-27 ақпан аралығында Малайзияда пара-тректен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа Азияның 16 елінен 250-ден астам спортшы қатысқан. Қазақстанның атынан алты спортшыдан тұратын команда бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Сеулде өткен төрт құрлық чемпионатында алтын жүлделеген Михаил Шайдоров елге оралғанын жазған болатынбыз.