АСТАНА. KAZINFORM – Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан ерлер құрамасы финалдық жекпе-жектерін өткізеді.
Қазақстаннан 9 боксшы алтын үшін таласатын болса, соның жетеуі өзбекстандық спортшылармен жұдырықтасады.
Дода Қазақстан уақытымен сағат 12.00-де басталады.
Қазақстандықтар мына боксшылармен кездеседі:
48 кг. Санжар Тәшкенбай — Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан), 1-жұп;
54 кг. Махмұд Сабырхан — Шахзод Музаффаров (Өзбекстан), 3-жұп;
57 кг. Оразбек Асылқұлов — Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан), 4-жұп;
67 кг. Дулат Бекбауов — Мужибилло Турсунов (Өзбекстан), 7-жұп;
71 кг. Абылайхан Жүсіпов — Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан), 8-жұп;
75 кг. Диас Молжігітов — Жавохир Умматалиев (Өзбекстан), 9-жұп;
86 кг. Бекзат Нұрдәулетов — Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан), 11-жұп;
92 кг. Сағындық Тоғамбай — Парвиз Каримов (Тәжікстан), 12-жұп;
92 кг. Айбек Оралбай — Абудурешити Ремула (Қытай), 13-жұп.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының І орынға ие болғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).