АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Серік Теміржанов жекпе-жек өткізбестен финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
С.Теміржанов кешкі сессияда 57 келіге дейінгі салмақта үндістандық Хуссам Уддин Мохаммедпен жұдырықтасуы керек еді.
Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Серік Теміржанов мерзімінен бұрын финалға шықты. Оның үндістандық қарсыласы рингке шықпайтын болды.
Осылайша, Азия чемпионатында қазірдің өзінде үш қазақстандық спортшы финалға шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Гүлсая Ержанның Азия чемпионатының финалына жолдама алғанын, Азия чемпионатында бүгін ерлерден 12 қазақстандықтың ½ финалда шығатынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық боксшы қыздардың финалдағы қарсыластары анықталды.
Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының финалына шықты.
Тағы бір қазақстандық әлем чемпионын ұтып, финалда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).