Кеше жеребе тастау рәсімі өтіп, отандастарымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды.
Азия чемпионатында 22 елден 118 спортшы бақ сынайды. Бұл додада Қазақстан құрамасы толық құрамда өнер көрсетеді.
Қазақстан боксшыларының қарсыластары:
48 кг Алуа Балқыбекова (Қазақстан) - Хе Лин Юн (Қытай),
51 кг Назым Қызайбай (Қазақстан) - Чанг Ю Янь (КНР)
54 кг Дина Жоламан (Қазақстан) - Ким Сонг Сим (Солтүстік Корея)
57 кг Назым Ищанова (Қазақстан) - Нур Сабрин Бинте Мохд Фаизал (Сингапур)
60 кг Римма Волосенко (Қазақстан) - О Еонжи (Оңтүстік Корея).
64 кг Мәдина Нұршаева (Қазақстан) - Туйен Нгуен (Вьетнам)
69 кг Валентина Хальзова (Қазақстан) - Судапорн Сисонди (Таиланд)
75 кг Дариға Шәкімова (Қазақстан) - Янг Юн Ху (Солтүстік Корея)
81 кг Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) - Нхи Тран (Вьетнам)
81 кг Мөлдір Базарбаева (Қазақстан) жарысты екінші айналымнан бастайды.
Бүгін 48, 54 және 60 келі салмақтағы боксшылар шаршы алаңға шығады. Айта кетейік, Азия чемпионаты 2-8 қараша аралығында өтеді.